ЖАС БАЛУАНДАР ЖЕҢІС ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сәуір айының алғашқы онкүндігі Ордабасы ауданы үшін спорт саласында жарқын жетістіктерге толы болды. Аудан намысын қорғаған жас балуандар түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып, ел мерейін үстем етті.

6–10 сәуір күндері Ақтау қаласында өткен 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында Ордабасылық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Біләл Дулат 60 кг салмақта III орын, Тұрсынбай Нұрдаулет 65 кг салмақта II орын, Әсембек Нұржігіт +90 кг салмақта II орын иеленді.

Сондай-ақ осы чемпионатта 75 кг салмақ дәрежесінде Сүлеймен Айсәуле қола жүлдегер атанып, аудан қоржынына тағы бір медаль салды.

Халықаралық аренада да аудан спортшылары табысты өнер көрсетті. 3–5 сәуір күндері Ганжа қаласында өткен кадеттер арасындағы Еуропа кубогінде 40 кг салмақта Жандарбай Кәусар қола жүлдені жеңіп алды.

Бұл жетістіктер – жас спортшылардың табанды еңбегі мен тынымсыз жаттығуларының, сондай-ақ олардың бапкерлерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Әсіресе жас балуандардың жаттықтырушысы Бақытжан Иманқулов пен Шыңғыс Аязбайдың еңбегі ерекше.

Аудан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1198836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді