
Маңғыстау облыстық сотында мемлекеттік қызметшілердің радикалды ағымдарға тартылуының тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға облыстық және аудандық сот қызметкерлері қатысты.
Семинарға төрағалық еткен Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Қаженов мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қоғамға үлгі болу және зиянды әдеттердің алдын алудың маңыздылығын атап өтті.
Іс шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын жүйелі түрде түсінуін қалыптастыру.
Өз кезегінде, Маңғыстау облысының Дін істері басқармасының өкілі Б. Шопанова деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндіріп, алдын алу шаралары жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Өткізілген семинар қызметкерлер арасында терроризмге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастырып, терроризмді алдын алуға оң әсерін тигізді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің
ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198833?lang=kk

Жауап қалдыру