
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында терроризмге қарсы комиссиясы шеңберінде жыл аяғында бекітілген жоспарға сәйкес терроризмге қарсы комиссия отырсы өткізілді.
Жиналысқа терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, аудан әкімі, орынбасары, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.
Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, тиімді шешімдер және атқарылып жатқан шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды.
Жиналыс барысында, Терроризмге қарсы комиссия хатшысы тарапынан, ішкі саясат тілдерді дамыту бөлімінің маманын қарсы насихат, ақпараттық түсіндіру бойынша облысқа іс-сапарға жіберу, ауданда діни экстремизм бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіру және бақылау жөнінде ұсыныстар айтылды.
Жиналыс қортындысы бойынша қатысушыларға аудан аумағында діни ахуалды күшейту, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдар мен аудан әкімдігіне іс-қимылын күшейту, бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің
ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198842?lang=kk

Жауап қалдыру