
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен терроризмге қарсы күрес саласына бекітілген журналистер пулымен семинар өткізілді.
Семинарда бекітілген журналистер пулына арнайы терроризмге қарсы операция өткізу барысында жасалуы тиіс алгоритм реттілігі, талаптары мен нұсқаулықтары түсіндірілді.
Жиын барысында Терроризмге қарсы орталық бөлімінің қызметкерлерімен ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен бекітілген алгоритм талаптары түсіндіріліп, ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен операция барысында өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.
Журналисттерге терроризмге қарсы операция барысында тыйым салынған іс-әрекеттер туралы түсіндіріліп, адамдардың қауіпсіздігі ең бірінші орында екендігі жеткізілді.
Сонымен бірге, қоғамдық даму басқармасына журналистер пулының тізімін тоқсан сайын жаңартып отыру және тиісті сабақтар өткізу бойынша нұсқаулық жүргізілді.
Алдағы уақытта бекітілген журналистер пулын жоспарлы терроризмге қарсы операцияларға тартып, олардың практикалық дағдыларын арттыру жоспарлануда.
ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198851?lang=kk

Жауап қалдыру