Тамды ауылдық округінде әскери шақыру шаралары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 сәуірде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын қамтамасыз ету мақсатында Алға ауданы әкімінің орынбасары Б. Қаңғожин мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Р. Есембаев Тамды ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ауылдық әкімдік пен полиция органдарының өзара іс-қимылын нығайту және шақырылушылардың әскери басқару органына келуін ұйымдастыру алгоритмі бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтармен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде Отан алдындағы борышты өтеудің маңыздылығы мен әскери қызметтің артықшылықтары түсіндірілді.

Нәтижесінде Тамды ауылының 3 азаматы өз еркімен қорғаныс істері бөліміне келіп, медициналық комиссиядан өтуге ниет білдірді.

Аудан көлемінде шақыру науқаны жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1198864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді