
BI Group құрылыс компаниясы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысып, қаланың тазалығын сақтауға бағытталған «Таза қала» бастамасына атсалысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін компания қызметкерлері ауқымды қалалық сенбілікке қатысып, төрт нысанда тазалық жүргізді: Nexpo Union аллеясы, Nova City ауданы, Grand Turan аллеясы және «Камал-Адал» тұрғын үй кешені маңы. Қатысушылар аумақтарды тұрмыстық және маусымдық қоқыстан тазартып, жапырақтар мен құрғақ өсімдіктерді жинап, қоғамдық кеңістіктерді көктем-жаз маусымына дайындады.
Сондай-ақ тазалық жұмысы компанияның құрылыс алаңдары мен оларға іргелес аумақтарда да ұйымдастырылды. Оған инженерлік-техникалық мамандар мен серіктестер қатысты.
Айта кетейік, сәуір айының басынан бері BI Group Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінде сенбіліктерді жүйелі түрде өткізіп келеді.
Осы уақыт ішінде 120-дан астам тұрғын үй кешені қамтылып, 2000-нан астам адам қатысқан. Нәтижесінде шамамен 60 тонна қоқыс шығарылды.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1198999?lang=kk

Жауап қалдыру