
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар бойынша жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары, сондай-ақ прокуратура және полиция қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бағытындағы жұмыстардың жай-күйі қаралды.
Жиын барысында жауапты сала өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Жиын қорытындысында Мадияр Әліпов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1199044?lang=kk

Жауап қалдыру