Конституциялық Сот: судьялардың отставкаға шығу тәртібі заңмен анықталады және судья мәртебесінің ерекшеліктерімен байланысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның судьялардың отставкаға шығу мәселелерін реттейтін 35-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.  

Өтініш жолдауға судьяның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы арыз беруі негіз болған. Алайда аталған арыз бұрын рәсімделген отставкаға сілтеме жасай отырып, сондай-ақ өзге негіздер бойынша өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін оны қайта қалпына келтіру тәртібін түсіндірумен қайтарылған.

Өтініш иесінің пікірінше, қолданыстағы құқықтық реттеу оның жағдайының ерекшеліктерін ескермейді және отставкаға қайта шығу мәселелерінде құқықтық айқынсыздық туғызады.

Конституциялық Сот дауланып отырған норма судьяның отставкаға шығу құқығын іске асырудың жалпы тәртібін белгілейтінін және судья өкілеттіктерін тоқтату мен тоқтата тұруды реттейтін заңнаманың өзге де нормаларымен өзара байланыста қолданылатынын атап өтті.

Конституциялық Сот өтініш уәждері нақты жағдайда норманы қолдану тәртібін түсіндіруге бағытталғанын және онда құқықтық айқынсыздықтың немесе конституциялық қағидаттарға қайшылықтың бар екенін дәлелдейтін негіздер қамтылмағанын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1199211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді