«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысының м.а. А.Сейітовтың 06.04.2026 жылғы № 103-НҚ бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедейлік шегі 2026 жылдың 2 тоқсанында 42 861 теңге сомасында анықталды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудың негізгі критерийі – жан басына шаққандағы орташа табыс.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде тағайындалады. Табысы асып кеткен жағдайда АӘК тағайындалмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ozsp/press/news/details/1199206?lang=kk

Жауап қалдыру