
✅Атырау облысы Әділет департаменті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арасында құқық саласындағы білім мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған өзекті мәселелерді қамтыған «ЗАҢ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары М.А. Музатова, Атырау облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция подполковнигі Д.С. Булжанов, сондай-ақ Департамент қызметкерлері, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушылары қатысты.
Іс-шара барысында Университет жанынан ашылған «Заң клиникасының» жұмысын жандандыру және оны жаңғырту мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл бастама студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, университеттің Экономика және құқық факультетіндегі заң мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту, заманауи талаптарға сай жаңа пәндер енгізу қажеттігі атап өтіліп, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етеді.
Тараптар арасында ынтымақтастықты одан әрі нығайту, студенттер үшін қонақ дәрістердің санын арттыру және тәжірибелік бағыттағы іс-шараларды кеңейту мәселелері де назардан тыс қалмады.
Аталған дөңгелек үстел – білім мен тәжірибені тоғыстыра отыра, болашақ заңгерлердің кәсіби қалыптасуына серпін беретін маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1199305?lang=kk

Жауап қалдыру