
Атырау қаласында Дінмұхаммед Қонаев атындағы Binom мектеп-лицейде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті
Іс-шараның мақсаты – білім беру мекемесінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға жедел әрекет ету алгоритмін пысықтау, сондай-ақ оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздік дағдыларын арттыру болды.
Жаттығу барысында шартты өрт дабылы беріліп, мектеп ұжымы мен оқушылар қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Құтқарушылар өрт ошағын анықтап, жедел сөндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ «зардап шеккендерді» құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығуға тартылған күштер мен құралдар үйлесімді жұмыс істеп, барлық кезеңдер белгіленген нормативтерге сай орындалды.
Мұндай шаралар төтенше жағдайлардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1199341?lang=kk

Жауап қалдыру