Бүгін, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Төлендиев Мұрат Сағынұлы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған лездеме жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын қатаң сақтау және әдеп кодексіне негізделген қызметтік әдеп қағидаларын бұзудың алдын алу мәселелері жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің хаттамалық жоспарында белгіленген тапсырмаларды орындау мақсатында Департаменттің айлық, апталық жұмыс жоспарының орындалу барысы талқыланды. Оның ішінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) тіркелуін қатаң бақылау, бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыру, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібін ұйымдастыру мәселелері шегеленді.
Жиналыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру тапсырылды.
Жауап қалдыру