Қостанайда «IT brAInstorm» интеллектуалдық квизі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында мектеп оқушылары арасында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті танымал етуге бағытталған «IT brAInstorm» интеллектуалдық квизі алғаш рет ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға және заманауи IT-мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.

Квизге Қостанай қаласының 7 жалпы білім беретін мектебінен құралған командалар қатысты. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын сайыста ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект тақырыптары бойынша білімдерін сынап, логикалық есептерді шешу, жылдам ойлау және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын көрсетті.

«IT brAInstorm» форматы дәстүрлі викториналардан ерекшеленіп, оқушыларға тек білімдерін тексеруге ғана емес, сонымен қатар аналитикалық ойлауын, креативтілігін және топта тиімді жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Квиз барысында қатысушылар заманауи технологиялық үрдістермен танысып, IT саласының мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтті.

Квиз басталар алдында қатысушылар үшін Qostanai Hub базасында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар орталықтың инфрақұрылымымен танысып, білім беру бағдарламалары, стартап-жобалар және технологиялық даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1199434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді