
Шымкент қаласы заң консультанттары палатасы мен Сарыағаш аудан әкімдігі бірлесіп, аудан тұрғындарына құқықтық қолдау көрсету мақсатында «Ашық есік күні» атты тегін заңгерлік көмек көрсету іс-шарасын ұйымдастырады.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң саласына қатысты сұрақтарына нақты жауап беру және күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелерді шешуге кәсіби бағыт-бағдар ұсыну.
🗓 Күні: 15 сәуір 2026 жыл
🕚 Уақыты: 11:00
📍 Өтетін орны: Сарыағаш аудандық мәдениет үйі
Іс-шара барысында Шымкент қаласы заң консультанттары палатасы заң консультанттары тұрғындарға азаматтық, еңбек, отбасы, жер және басқа да құқық салалары бойынша тегін кеңес береді. Әрбір келуші өз сұрағына нақты жауап алып, қажетті құқықтық көмекке қол жеткізе алады.
🔹 Қатысу – тегін
🔹 Алдын ала тіркелу талап етілмейді
✅Барша аудан тұрғындарын аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1199629?lang=kk

Жауап қалдыру