
🔹 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің орындалуы мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.
📈 Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Қысқамерзімді экономикалық өсім индексі 103,5%-ды құрады, негізгі көрсеткіштердің басым бөлігінде оң динамика қамтамасыз етілген.
🏭 Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және сауда салаларында өсім байқалады. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі артты, сондай-ақ қызмет көрсету саласында да тұрақты өсім сақталып отыр.
💬 «Ауыл шаруашылығында 101,5% деңгейінде өсім қамтамасыз етіліп, көлемі 52,3 млрд теңгені құрады. Құрылыс саласында да оң динамика байқалып, өсім 109,3%-ға жетті, орындалған жұмыстар көлемі – 45,9 млрд теңге. Көлік және қоймалау саласы 110,7% өсім көрсетіп, көлемі 138,9 млрд теңгеге жетті. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 103,3%-ды құрап, 205 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар өңірге 153 млрд теңге инвестиция тартылды», – деді Нұржан Мақсатов.
📌 Баяндамашы сондай-ақ аудандар бөлінісіндегі жағдайға жеке тоқталып, оң үрдістермен қатар, кейбір бағыттар бойынша, оның ішінде инвестиция, өнеркәсіп, құрылыс және сауда салаларында жұмысты күшейту керектігін атап өтті.
💬 «Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді, сондықтан басты назар нақты нәтижелерге аударылуы керек. Негізгі басымдықтар – инвестиция тарту және жұмыс орындарын құру. Бізге формалды есептер емес, нақты нәтижелер қажет», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1199746?lang=kk

Жауап қалдыру