
Халықтың саны артып бара жатқандықтан, Наурызбай ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту жұмысы қарқын алды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Назира Тоғызбаева осылай деді.
2025 жылы ауданда 5 500 орындық үш мектеп пайдалануға берілді. Биыл «Alem City» тұрғын үй кешенінде 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Сонымен қатар, «Алма Сити-3» кешенінде тағы бір мектеп пен №174 мектепке 375 орындық қосымша ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі инфрақұрылым да дамып келеді. Қазір ауданда 168 балабақша жұмыс істейді (оның ішінде 6-уы мемлекеттік, 162-сі жекеменшік), онда шамамен 10 мың бала бар. Жылдың соңына дейін 320 және 240 орындық тағы үш балабақшаны салып бітірмекші.
Шұғыла мен Құрамыс шағынауданында ауысымына 500 адамға арналған екі емхана салынып жатыр. Ақжар шағынауданында 200 адамға арналған отбасылық амбулаторияның құрылысы жақын арада басталады.
Ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту да күшейтілуде. Сәуір айында Сәбденов көшесінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу басталады, тағы екі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Шұғыла шағынауданында 6 реттік өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба аясында қызметтік нысанмен қатар, қызметкерлерге арналған 18 пәтерлі тұрғын үй мен спорт алаңы да қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1199871?lang=kk

Жауап қалдыру