Маңғыстауда «Жас сақшы» сыныбына арналған тағылымды экскурсия ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінің «Жас сақшы» сыныбы оқушыларына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, құқық қорғау органдарына деген құрметті арттыру және қызметтік борышқа адалдық қасиеттерін дәріптеу.

Экскурсия барысында оқушылар музей қорымен танысып, құқық қорғау саласының тарихы мен қызметі туралы кеңінен ақпарат алды. Сонымен қатар, олар Халық Қаһарманы, полиция капитаны
Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов
тың өмір жолы мен ерлікке толы қызметі туралы мәліметтермен танысты.

Ғазиз Байтасов 1971 жылғы 3 сәуірде дүниеге келген. Ол 2011 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қылмыскерді залалсыздандыру барысында ерлікпен қаза тапты. Ерлігі мен жанқиярлығы үшін оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Биыл батырдың туғанына 55 жыл толуына орай, оның ерлігін ұлықтау, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм және адал қызмет ету құндылықтарын насихаттау мақсатында аталған іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушыларға батырдың ерлігі туралы тың деректер айтылып, музей жәдігерлері таныстырылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ерекше әсермен қайтты.

Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, елге қызмет етуге деген ынтаны арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1199873?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді