Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Нұрсұлтан Арқабайұлы Исабеков Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
 
Нұрсұлтан Арқабайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы Құрылыс және дизайн колледжін, 2013 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын, 2021 жылы академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.
 
Еңбек жолын 2011 жылы «ГАПП» ЖШС-ның техник-жобалаушысы болып бастаған.
 
2012-2015 жылдары «Табыс-Жоба» ЖШС-ның бас инженері, 2015-2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің технигі, 2021-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің жоспарлау және қала аумағын соғу секторының бас маманы, 2023-2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек етті.
 
2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/1199954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді