АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Апта басында аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы өзінің әр салалар бойынша жетекшілік ететін орынбасарларымен бірге, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандарының қатысуларымен мәжіліс өткізді.
Аталған жиында Б.Туребеков Шардара су қоймасы жағалауындағы демалыс аймақтарында уақытша кәсіпкерлік саламен айналысатын жеке тұлғалар мен сол аумақтағы жеке меншік нысандардың иелеріне Қазақстан Республикасының тиісті Заңнамаларын сақтау туралы және биылғы жазғы маусымдық шомылу салтанатының ашылуы туралы есеп берді.
Одан соң, Е.Каратунов өз саласы бойынша Тама – Тастанбектен тартылып жатқан ауызсудың және үш ауылдық округте жүргізіліп жатқан құрылыстардың және шіркейге қарсы күрес туралы жұмыстардың барысы туралы айтып өтті. Үшінші болып, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі А.Алтынбеков өзіне жүктелген міндеттері бюджет, коммуналдық сала, каналдардың құрылысы туралы, егін шаруашылығы туралы хабарлама жасады.
Содан соң, аудан басшысы А.Романұлы өзінің орынбасарлары Б.Туребековке, Ж.Бердешовке, Е.Каратуновқа және дербес бөлім басшылары А.Махашевке, Е.Айдаровқа, Н.Нұрсейітовке, М.Исаевқа, Ө.Рүстемге, Ж.Тұрлыбековке, Е.Абдразахов пен қала, ауыл әкімдеріне қатысты сала мамандарымен жиын өткізіп, берілген тапсырмаларды орындау бағыттарын нақтылап, жауапты мамандарға міндеттер жүктеді. Атап айтқанда:
Маусымдық шомылу айларында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды, оқиғалардың алдын алу үшін арнайы маусымдық құтқару бекеттерінң болуын және санитарлық тазалық пен дәретханалардың болуын үйлестіруді Б.Қалдарбекке жүктеп, аудан деңгейінде жұмысшы топ құруды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан көлеміндегі егістік алқаптарды егу барысында, барлық шаруалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, межелеген жоспарлардың орындалуын қала, ауыл әкімдеріне жүктесе, дербес бөлім басшыларына өздеріне жүктелген жер, спорт пен мәдениет, ауылшаруашылығы, экономика және қаржы, құрылыс, сәулет, коммуналдық, ішкі саясат және тағы басқада атқарылатын жұмыстарды мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиын қорытындысында аудан басшысы барлық берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын ескертті.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1199970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді