
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаевтың ауылдық округтерді аралау кестесіне сәйкес жұмыс сапары Алмалы ауылдық округінде жалғасты.
Іссапар барысында аудан басшысы орталық саябақта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында егілген тал көшеттерінің жағдайымен танысты. Сонымен қатар, Бәйдібек ата ауылындағы көпірдің қазіргі жай-күйі зерделеніп, инфрақұрылым нысандарының сапасына назар аударылды.
Сапар аясында Орталық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіліп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Жұмыс сапары барысында тұрғындармен кері байланыс орнату және елді мекендердің даму мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1200191?lang=kk

Жауап қалдыру