
«Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ-де орталық мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және осы бағытта құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Аталған іс-шара Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Айта кетейік, осы мазмұндағы кездесу-семинарларда өңірімізде тіл саясатын дамытуға жауапты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқылануда.
Шара спикері – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-түсіндіру пулының спикері Жомарт Сүлейменұлы Әбішев. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының маңыздылығын атап өтіп, адал қызмет құндылықтарын ұстану және мемлекеттік қызмет әдебін сақтау қажеттігіне тоқталды.Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, қоғамда әділдік пен сенім қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1200202?lang=kk

Жауап қалдыру