Қазақстан жаңа перспективалы мұнай-газ кен орындарын игеруге ниетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетика кешенінің ағымдағы жай-күйі туралы баяндады. Ол 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,2%-ды құрағанын атап өтті. Қарашығанақта мұнай өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін шикі газды кері айдайтын 6-шы компрессорды іске қосу жұмыстары жалғасуда. Ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндіруді ұлғайту жөніндегі шаралар туралы келіссөздер жүргізілуде. 3 айдағы мұнай экспорты 15,3 млн тоннаны немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,5%-ды құрады. 2026 жылға болжам – 76 млн тонна. Министр сондай-ақ жыл басынан бері 13,6 млрд текше метр газ немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,9% өндірілгенін айтты. 2026 жылға болжам – 62,7 млрд текше метр.

«Газ саласының ұзақ мерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп 2035 жылға дейін елімізде көмірсутектердің жаңа перспективалы кен орындарын игеру жоспарын жүзеге асыруда, оған сәйкес осы жылдың соңына дейін Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын МӨЗ құрылысын аяқтау жоспарланып отыр»,

— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов. @KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1200358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді