Қазақстан жұмыс істеп тұрған МӨЗ-дерде мұнай өңдеу көлемін ұлғайтуға ниетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында 2026 жылдың үш айындағы мұнай және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі туралы баяндады. Есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,67 млн тоннаны немесе 2025 жылғы фактімен салыстырғанда 98,9%-ды құрады. 2026 жылға болжам – 15,5 млн тонна.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қуаттылығы 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ салу жобасын жедел жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда»,

— деді Ерлан Ақкенженов. Ведомствоның мәліметінше, ПМХЗ-ны 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін, ПКОП-ты 6-дан 12 млн тоннаға дейін, АМӨЗ-ді 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың бірінші тоқсанында мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 134 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1%-ды құрады. Министрлік «ҚазМұнайГаз» АҚ және КРІ-мен бірлесіп биыл полипропилен өндірісінің көлемін 450 мың тоннаға дейін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуде. 2026 жылға болжам – 580 мың тонна. @KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1200360?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді