Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақыновтың Моңғолияның Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэгпен кездесуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмөнхийн Батцэцэгпен кездесті.

Келіссөздер барысында қазақ-моңғол қатынастарының қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту перспективалары қаралды. Тараптар дәстүрлі достық байланыстарды нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықты кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік танытатынын растады.

Саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды арттыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әңгімелесушілер қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында ведомствоаралық байланыстарды тұрақты түрде қолдаудың және күш-жігерді үйлестірудің маңызын атап өтті.

Б.Батцэцэг соңғы жылдары стратегиялық әріптестік арнасында дәйекті түрде нығайып келе жатқан қазақ-моңғол қатынастарының оң серпінін атап өтті. Осы тұрғыда ағымдағы жылға жоспарланған екіжақты іс-шараларды, оның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлердегі сапарлар алмасуын сапалы дайындаудың маңыздылығына назар аударды.

А.Сейтақынов өзара құрмет пен сенімге негізделген қазақ-моңғол әріптестігінің дәйекті түрде нығайып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол екіжақты өзара іс-қимылды нақты сауда-экономикалық мазмұнмен толықтыруға және барлық деңгейлердегі делегациялар алмасуын жандандыруға ерекше назар аударуға ниетті екенін жеткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығын екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі нығайтуға ұмтылысын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1200491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді