Облыстық мәслихат депутаттары Қарағанды медициналық университетінде болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Кобжанов пен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қадиша Оспанова өңірдегі жетекші білім және ғылыми орталықтардың бірі – Қарағанды медициналық университетінде болды. Кездесу «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры Бақыт Көшерова мен проректорлық корпустың қатысуымен өтті.
 
Сапар барысында депутаттар жоғары оқу орнының қызметімен танысты. Қазіргі уақытта ҚарМУ-да 70-тен астам білім беру бағдарламасы бойынша 8 826 студент оқиды. Университет Қазақстанда бірінші болып Қазан мемлекеттік медицина университетімен бірлесіп «Емдеу ісі» қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.
Университеттің инфрақұрылымына 7 оқу ғимараты, 7 жатақхана, 3 емхана, сондай-ақ колледж кіреді. Білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі – симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы, сондай-ақ қолданбалы және іргелі ғылымның дамуын қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу зертханасы республикадағы озық технологиялардың бірі болып табылады. Университеттің әлемдегі ең ірі баспалардың халықаралық дерекқорларына қолжетімді және жоғары рейтингі бар медициналық журналдарға жазылатын жеке кітапханасы бар.
 
Кездесу аясында ғылыми жобаларды, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларын, метаболикалық бұзылуларды және т.б. зерттеу саласында қолдау мен қаржыландыруды күшейту мәселелері талқыланды. 
 
Орта медициналық буын мамандары – медбикелерді, фельдшерлерді және фармацевтерді даярлау үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру гранттарының санын ұлғайту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
 
Клиникалық базаның бар екендігін ескере отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру, скрининг бағдарламаларын кеңейту, пациенттерді динамикалық бақылау жүйесін дамыту, сондай-ақ емханалар жанындағы қант диабеті мектептерін және басқа да профилактикалық бастамаларды одан әрі енгізу және дамыту бағыттары қарастырылды.
 
Сапар қорытындысы бойынша облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов өзара іс-қимылды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ облыстық мәслихаттың аталған мәселелерді іске асыруға және өңірдің медициналық білім беру және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесуге дайын екендігін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1200505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді