
Ақтөбеде жылыту маусымы қорытындыланып, алдағы сынақ жұмыстары жоспарланды
Ақтөбе қаласындағы жылу электр орталығында жылыту маусымына арналған көшпелі жиын өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев төрағалық етті.
Кездесу барысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы сараланып, жүйенің тұрақты жұмыс істеуі мен инфрақұрылымның жағдайы талқыланды. Ресми дерекке сәйкес, жылыту маусымы 2025 жылдың 1 қазанында басталған. Әлеуметтік нысандарда ол 28 сәуірге дейін жалғасса, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар үшін 17 сәуірде аяқталады.
Жиында маусымаралық кезеңдегі маңызды жұмыстар да пысықталды. Атап айтқанда, жылу желілерін тексеру үшін 2026 жылдың 11–15 мамыры аралығында гидравликалық сынақтар өткізу жоспарланған. Бұл шаралар жүйедегі әлсіз әрі тозған учаскелерді анықтап, алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.
Жауапты сала өкілдеріне инфрақұрылымды жаңғырту, апаттық жағдайлардың алдын алу және тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Мамандардың айтуынша, уақытылы жүргізілетін сынақтар мен жөндеу жұмыстары жылу беру жүйесінің сенімділігін арттырып, алдағы қыс мезгілінде тұрақты қызмет көрсетуге негіз болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/1200545?lang=kk

Жауап қалдыру