
Бұл жұмыс тек жекелеген іс-шараларды жүргізуден ғана емес, сонымен қатар бизнесті қолдау тетіктерін әзірлеуді және ауыл экономикасының тұрақтылығын нығайтуды қоса алғанда, аудан дамуының негізгі басымдықтарын кешенді дайындау мен іске асырудан тұрады.
Аталған жұмыс аясында ауданда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Отырыс барысында депутаттар ауданның 2026-2030 жылдарға арналған жаңартылған даму жоспарын бекітті. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Р.М. Шуакпаева ауыл кәсіпкерлігін ынталандыруға бағытталған шешімдердің жобасын ұсына отырып, баяндама жасады.
“Ауыл Аманаты” бағдарламасы аясындағы іс-шараларды енгізу елеулі толықтыру болмақ. Жаңартылған құжат ауылдық бастамаларды микронесиелеу жүйесін дамытуды көздейді: 2029 жылға дейін жалпы сомасы 941 млн теңгеге 79 қарыз беру жоспарлануда. 2026 жылы бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 144 млн теңге қарастырылған.
Аталған шараларды іске асыру ауданның экономикалық әлеуетін нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-stepnoi/press/news/details/1200572?lang=kk

Жауап қалдыру