
Құрметті азаматтар!
2026 жылғы 1 мамырдан 15 маусымға дейін «Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, оны жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.
Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және басқа да мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.
Егер сізде көрсетілген көрсетілген мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ осы ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы сізге мәлім мәліметтерді хаттың тақырыбында «ішкі талдау бойынша ұсыныстар» деп көрсете отырып, chk.akimat@yandex.kz лектрондық мекенжайына жібере аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-chaikovskaia/press/news/details/1200669?lang=kk

Жауап қалдыру