КЕЛЕС КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысында өткен «AL-FARABI» республикалық интеллектуалды сайысында Келес ауданының намысын қорғаған “OY LAB” командасы жоғары нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
Аталған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 2500-ге жуық қатысушы бақ сынап, іріктеу кезеңдері бірнеше бағытта өтті. Осындай тартысты додада келестік жастар өз білімдері мен зеректігін дәлелдеп, барлық кезеңнен сүрінбей өтті. 500 команда қатысқан сайыста финалға шығу – үлкен жетістік әрі қажырлы еңбектің жемісі.
Команда мүшелері әр кезеңде логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау және білім деңгейін жоғары деңгейде көрсетіп, мықтылар қатарынан орын алды. Бұл – олардың үздіксіз ізденісі мен мақсатқа деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Аталған жетістікке байланысты Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жастарға қолдау білдіріп, өз пікірін жеткізді.
– Келес жастарының бұл жетістігі – барша аудан үшін үлкен мақтаныш. Білім мен табандылықтың арқасында республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Бұл – өскелең ұрпақтың әлеуеті жоғары екенін айқын дәлелдейді. Алдағы финалда да сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз. Жастарымызға әрдайым қолдау көрсетеміз, – деді аудан әкімі.
Бұл жетістік Келес жастарының білімге деген қызығушылығы мен бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Олар тек ауданның ғана емес, бүкіл өңірдің абыройын асқақтатып келеді. Алда – шешуші финал кезеңі. “OY LAB” командасына сәттілік тілейміз және жүлделі орындардан көрінеді деген сенім мол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1200622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді