Жас құтқарушылар ант қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас құтқарушылар ант қабылдады

Атырау облысында Қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Жас қызметкерлер сапқа тұрғызылып, Департаменттің жауынгерлік Туы шығарылып, 3 жас қызметкер халық пен Отан алдында адал қызмет етуге ант берді.

Ант қабылдау рәсімінен кейін Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев жас қызметкерлерді құттықтап, оларға батылдық пен төзімділік тілеп, халыққа адал қызмет етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсекенов жас қызметкерлерге жылы лебізін білдірді.

Ант қабылдау аяқталғаннан кейін жазғы киім нысанына ауысу бойынша жалпы гарнизондық саптық байқау өткізілді.

 

Атырау облысы ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1200733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді