
Көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбанов — қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Оның шығармашылығы ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына енген.
Биыл ұлы тұлғаның 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Жұбанов көктемі» мерейтойлық музыка апталығы — өнер сүйер қауым үшін ерекше рухани мереке.
Сіздерді 23–30 сәуір аралығында өтетін апталық шараларға шақырамыз!
Келіңіздер, әсем әуен мен жоғары өнердің куәсі болып, рухани кештің көрермені болыңыздар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1200904?lang=kk

Жауап қалдыру