Аталған жарыс – самбо, дзюдо және қазақ күресі бойынша жоғары жетістіктерге жеткен, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қайрат Күнсафиннің рухына тағзым етуге арналған маңызды спорттық іс-шара.
Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді,атап айтқанда Астана, Алматы қалаларынан, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Аягөз, Жарма, Ақсуат, Үржар, Мақаншы, Бородулиха, Жаңасемей, Абай, Ұлан аудандарынан, Степногорск, Ерейментау, Өскемен қалаларынан келген спортшылар қатысуда. Сонымен қатар, Қырғыз Республикасынан келген спортшылар да жарысқа қатысып, додаға халықаралық деңгей беруде.
Бұл турнир – жас балуандар үшін тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1201016?lang=kk

Жауап қалдыру