Бүгін 23 сәуір — Ұлттық кітап күні және қаламызда жарияланған Балалар әдебиетінің онкүндігі аясында Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, балалар жазушысы Жұпар Жақан №8 жалпы білім беру мектебінде оқушылармен кездесу өткізіп қайтты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесуді ұйымдастыруға мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Сұлтанбекова Жанар Қанатбекқызы мен Оспанова Жанаргүл Жаңабекқызы ұйытқы болды.

Жұпар Рысқұлқызы кездесу барысында балалар әдебиетіне қалай келгені, шығармашылық жолы туралы кеңінен әңгімеледі. Оқушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алмасты. Мысал әңгімелерін оқып, балалармен бірге талдады.

Кездесу соңында кітап оқудың маңызы мен пайдасына тоқталып, жас оқырмандарды кітаппен дос болуға шақырды.

Мектеп директоры Купеев Айдар Серікұлы кездесуді қорытындылап, қаламгерге алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1201198?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді