
2026 жылғы 13 сәуірде Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінде Алчановка және Антоновка ауылдарында жергілікті қоғамдастық жиындары өтті.
Кездесулер барысында елді мекендердің тіршілік әрекетінің өзекті мәселелері, соның ішінде аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру, сондай-ақ малды ұстау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері қаралды.
Тұрғындар мен ұйымдардың абаттандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ полигонына шығару және үй маңындағы аумақтарда тәртіпті сақтау айлығын өткізуге қатысуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар округ аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратпен танысты.
Жиындардың қорытындысы бойынша абаттандыру деңгейін, қоғамдық тәртіпті және тұрғындардың өз елді мекендерін күтіп-ұстауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-telman/press/news/details/1201194?lang=kk

Жауап қалдыру