Тұрғын үй сертификаты — бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілетін әлеуметтік көмек нысаны. Бұл шара тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және халықтың басым санаттарын қолдауға бағытталған.
Ақтөбе қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын ұсыну жөніндегі әкімші «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ болып табылады.
2026 жылы Ақтөбе қаласы бойынша аталған бағдарламаны іске асыруға 312 166,1 мың теңге бөлінді.
Бағдарламаның мақсаты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғын үйді меншікке алу құқығын іске асыру немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу.
- Алушылардың санаттары
Тұрғын үй сертификатын алуға Ақтөбе қаласында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған келесі топтағы азаматтар құқылы:
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 68-бабында айқындалған адамдардың санаттары (халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, соның ішінде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар немесе асырап отырған отбасылар және 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар және басқалары).
- Сұранысқа ие мамандар келесі салаларда:
- Денсаулық сақтау;
- Білім беру;
- Мәдениет;
- Спорт;
- Әлеуметтік қорғау саласы.
- Жұмысшы мамандықтарының болжамды тізбесіне кіретін адамдар:
- Фельдшерлер;
- Жүк автомобилінің және автобус жүргізушілері;
- Тракторшылар;
- Сантехниктер;
- Техник-электриктер (жалпы бейін), электриктер және электромонтаждаушылар.
- Көрсету мөлшері мен шарттары
Сертификат мөлшері: Ақтөбе облысы бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарна сомасының 90%-ы мөлшерінде белгіленген.
Табыс шегі: Соңғы 6 айдағы отбасының орташа айлық табысы (отбасының әрбір мүшесіне шаққанда) 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.
Банктің мақұлдауы: Міндетті шарт — екінші деңгейдегі банктен ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хаттың болуы.
- Құжаттарды тапсыру тәртібі мен тізбесі
Өтінімдерді қабылдау электрондық форматта kezekte.kz порталы арқылы ЭЦП пайдаланумен жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
- Электрондық өтініш.
- Жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қоспағанда);
- ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатының электрондық көшірмесі.
- Байланыс мәліметтері
Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2.
Жұмыс кестесі: 08:30-дан 17:30-ға дейін (түскі үзіліс 12:30–13:30).
Телефон: 41-17-26.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1201370?lang=kk

Жауап қалдыру