ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас ғалымға пәтер кілтін табыстады. Тұрғын үйлер Алматы және Астана қалаларынан өтеусіз негізде берілді.

Бүгінде Алматы қаласында баспана алған жас ғалымдар толық жабдықталған пәтерлерге қоныстанып үлгерді. Қоныс иелері жасалған қолайлы жағдайлардың ғылыми және кәсіби қызметке алаңсыз көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жас зерттеушілер өздерінің шынайы қуаныштары мен мемлекетке деген ризашылықтарын білдірді.

Ғалымдарды марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы ғылымның әлеуеті елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және халықаралық аренадағы беделін нығайтудың негізгі факторына айналып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ғылым мен білімге инвестиция салған мемлекеттер әлемде алдыңғы қатардан көрінеді. Сонымен қатар Президент отандық ғылымның болашағы жаңа идеялар ұсынып, ел дамуына серпін беретін дарынды, мақсатшыл әрі зияткер жас буынның қолында екеніне тоқталды

Қазіргі таңда 600-ден астам жас ғалым баспанамен қамтылды. Бұдан бөлек, олар үшін арнайы гранттар қарастырылған, сондай-ақ біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері бар.

Жаңа пәтер иелерінің қатарында еліміздің жетекші ғылыми ұйымдарының өкілдері бар.
Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Жылуэнергетика және физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мадина Құмарғазина Scopus халықаралық базасында жарияланған ғылыми еңбектердің авторы, сондай-ақ Қазақстанның 10-нан астам және бір Еуразиялық патенттің тең авторы. Оның зерттеулері энергия тиімділігі технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1201569?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді