
2026 жылғы 15 сәуірде Баянауыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Күркелі ауылдық округінің сайланған әкімі Қаныш Дәуренұлы Сағадатты тіркеді. Қаныш Дәуренұлы Сағадат тікелей сайлау нәтижесінде Күркелі ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Қаныш Дәуренұлы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2022 жылы Баянауыл ауданы санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық – эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, жоспарлау және қызметін талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2024 жылдан бастап сайлау сәтіне дейін Баянауыл ауданы санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық – эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, жоспарлау және қызметін талдау бөлімінің басшысы болды. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1201687?lang=kk

Жауап қалдыру