Астанада автокөлік ішінен иесінің көзінше телефон ұрланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша 41 жастағы азамат ұсталды.
Оқиға елорда аумағында күндізгі уақытта болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті еш қысылмастан «Hyundai» маркалы автокөліктің есігін ашып, көлік ішінде отырған иесінің көзінше «Honor» маркалы ұялы телефонды жасырын түрде қолды еткен. Жәбірленуші жағдайды бірден байқап үлгермеген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.
Қылмыс қаланың бейнебақылау жүйелері арқылы жедел анықталды. Полицейлер оқиға барысын мұқият зерделеп, күдіктінің әрекетін толық тіркеген бейнематериалдар негізінде оның жеке басын қысқа мерзімде анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытудың маңыздылығын ескертеді. Қоғамдық орындарда және көлік ішінде бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, автокөлік есіктерін әрдайым құлыптап жүру – мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алудың ең тиімді жолы.
Заң мен тәртіп – әр азаматтың қауіпсіз өмір сүруінің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1201727?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді