
Астанада Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде елорда кітапханаларының кітап қорын толықтыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен ғылым саласының көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар, атап айтқанда Сауытбек Абдрахманов, Дихан Қамзабекұлы, Бақытжан Оразалиев, Жанат Әскербекқызы, Марат Әбсеметов, Әлібек Асқар, Дәулеткерей Кәпұлы, Қуаныш Жиенбай, Бауыржан Бабажанұлы, Нұрлан Қалқа, Төлен Тілеубай, Қанат Әбілқайыр, Мақпал Жұмабай, Азамат Кеңесұлы, сондай-ақ кітапхана ісінің мамандары мен жастар өкілдері қатысты.
Отырыс барысында кітап қорын оқырман сұранысына сәйкес жүйелі түрде толықтыру, заманауи көркем әдебиетпен, отандық және шетелдік бестселлерлермен, ғылыми-танымдық, балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдармен толықтыру бағытындағы тақырыптар талқыланды.
Аталған жұмыс елорданың мәдени-интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, тұрғындардың сапалы әдебиетке қолжетімділігін кеңейтуге және кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1201928?lang=kk

Жауап қалдыру