АЛМАТЫДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың және медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің қызметі, негізгі көрсеткіштері мен өзекті мәселелері қаралды.

Алматы ҚДСБ-ның штаттан тыс бас кардиологы Аргуль Разбекова қан айналымы жүйесі ауруларының жай-күйі мен динамикасына талдау ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша осы аурулар бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді. Басқарма басшысы скринингтік бағдарламалардың жүргізілуіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Тері-венерологиялық диспансер директоры Ерлан Исламов 2024–2026 жылдар аралығындағы жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштері туралы баяндады. Осыған байланысты колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Марат Тукеев АИТВ-инфекциясына тексеру жүргізу бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады. Сырқаттанушылықтың төмендеуі, мультидисциплинарлық тәсілдің енгізілуі және мобильді топтардың жұмысы атап өтіліп, жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалғаны көрсетілді.

Нысаналы топтар арасында профилактикалық іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Басқарма басшысы медицина қызметкерлерін тексеруді қатаң бақылауды, нәтижелерді міндетті түрде ЖИТС орталығы арқылы растауды, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейтуді тапсырды.

Кеңес соңында басқарманың бейінді бөлім басшысы Асель Полатбекова хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Сонымен қатар, кеңес барысында медициналық ұйымдар аумағын абаттандыру және санитарлық тәртіпті сақтау мәселелері де қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1202211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді