ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС НЫСАНДАРЫНЫҢ БЕЙНЕКАМЕРАЛАРЫН ПОЛИЦИЯ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласында Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында прокуратура, Полиция департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Кездесудің негізгі тақырыбы – бизнес нысандарының бейнебақылау камераларын полицияның Жедел басқару орталығына қосуды көздейтін «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі болды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Аталған жүйені енгізу құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге, оқиғаларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ бейнежазбалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұдан бөлек, жоба тәулік бойы жұмыс істейтін нысандардың қауіпсіздігін арттырып, азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Кездесу барысында кәсіпкерлерге жүйенің техникалық мүмкіндіктері, қосылу шарттары және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрлық шешімдердің артықшылықтары түсіндірілді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Талқылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыру және бейнебақылау жүйесінің қамту аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«ShymSafe360» жобасын іске асыру қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуды цифрлық технологиялар арқылы күшейтуге бағытталған.⁣⁣⠀

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1202352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді