
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттерімен заң клиникасында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге азаматтарға құқықтық көмек көрсету негіздерін түсіндіру, құқықтық кеңес беру тәртібімен таныстыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарға тарту.
Семинар барысында студенттерге азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық кеңес беру кезінде сақталатын негізгі қағидалар, сондай-ақ заң клиникасының қызметі туралы түсіндірме берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаларын нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1202493?lang=kk

Жауап қалдыру