Агенттікте Еуропа Кеңесі (ГРЕКО) сарапшыларының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15-16 сәуір күндері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) халықаралық сарапшыларының жұмыс кездесулері өтті.

Оған Агенттік төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов, Еуропа Кеңесінен Экономикалық қылмыстар және ынтымақтастық бөлімінің бағдарлама жетекшісі (ECCD) Юджель Эрдуран,  Еуропа Кеңесінің кеңесшілері  Александра Каписовска мен Сильвиу Попа, сондай-ақ бірқатар сала мамандары қатысты.

Аталған іс-шара ГРЕКО-ның бірінші және екінші бағалау раундтары қорытындылары бойынша берілген ұсынымдардың орындалу барысын талдауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру мәселелерін талқылауға бағытталды.

Іс-шара аясында мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және сот жүйесінің, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен бірқатар жұмыс кездесулері өткізілді.

Талқылаулар барысында институционалдық даму, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері және мемлекеттік басқаруда адалдық қағидаттарын енгізудің халықаралық тәжірибелері қарастырылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша сарапшылар аналитикалық есеп дайындайды. Аталған есеп ұлттық басымдықтар мен қолданыстағы тәжірибені ескере отырып, белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Агенттік бұл іс-шараларды халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы ретінде бағалайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1202531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді