АУДАН БАСШЫСЫ ҚЫЗЕМШЕК КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қыземшек кентінде биыл бірқатар көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Атауы жоқ №1, Көкжиек және Көкорай көшелері, сондай-ақ Тайқоңыр елді мекеніндегі Атауы жоқ №2 және Ақбикеш көшелері қамтылмақ.
Сонымен қатар, кенттегі мазут сақтау қоймасын қайта қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бұған қоса, сарқынды су құбыры да жөндеуден өтеді.
Бұл туралы аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қыземшек кенті тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді.
— «Қыземшек кентінің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғыртып келеміз. Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүйелі түрде жалғасады», – деді аудан басшысы.
Кездесу барысында кент әкімі Марс Әбіл атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Жиын соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады. Көтерілген өтініштерді жауапты сала мамандарымен бірлесіп шешу жолдарын қарастырды.
Айта кетейік, өткен жылы Қыземшек кентінде бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Орталық көшеде шағын футбол алаңы салынып, №20, №22 және №23 тұрғын үйлердің аулаларында балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді. Сонымен бірге, Шұғыла көшесі мен 2-ші мөлтек ауданда да ойын алаңшалары орнатылды.
Кент әкімдігі аппараты жанынан жаңа шағын футбол алаңы ашылып, 1-2 мөлтек аудандарда воркаут алаңдары салынды. Мектепке апаратын бағытта велосипед жолағы бар жаяу жүргіншілер жолы төселді.
Сондай-ақ №20 және №21 үйлер маңындағы аллеялар абаттандырылып, тротуарлар жаңартылды. Орталық саябақта 1000 шаршы метрден астам аумаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдарына плитка төселді.
Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер жолдары мен баскетбол алаңы жөндеуден өтіп, 750 шаршы метр аумаққа тротуар плиткасы төселді, 150 шаршы метр қоршау орнатылды.
Инженерлік инфрақұрылым да назардан тыс қалмады. Атауы жоқ айналма жол, Сарыарқа және Шұғыла көшелеріне жарық шамдары орнатылып, Тайқоңыр елді мекенінің Ақжайық көшесі жарықтандырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1202605?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді