Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барып, техникалық бағытта жоғары білікті мамандар даярлайтын аудандық колледждің жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда еңбек нарығына қажетті жас мамандарды сапалы даярлау – аса маңызды міндеттердің бірі.Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығына барып, оның базасында орналасқан коворкинг кеңістігінің жұмысымен таныстырылды. Мұндай алаңдар жастардың бастамаларын қолдауға және олардың әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және аудан әкімімен бірге жастармен ашық форматта кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сапар аясында Мемлекет Басшысы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және аудан әкімі, белсенді жастармен бірге көшеттер отырғызу науқаны өткізілді.
Алдағы уақытта да жастарды қолдауға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1202578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді