САРЫАҒАШ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аппарат басшысы, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде аудан үшін маңызды бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Мәжіліс барысында кадрлық өзгерістерге қатысты ауданның білім бөлімінің жаңа басшысы Айсұлу Қалдықараева аудан активіне таныстырылды.

 

Алғашқы мәселе бойынша Сарыағаш қаласы аумағындағы саябақтар мен аллеяларды күтіп ұстау және жаңғырту жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы Ерғали Жанысбеков баяндама жасады. Баяндама барысында аталған нысандардың күтіміне қатысты бірқатар кемшіліктер атап өтіліп, оларды жою жолдары ұсынылды.

 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – шомылу маусымы кезіндегі судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дала өрттерінің алдын алу шаралары. Бұл бағытта аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Иса Елеусізов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

 

Үшінші мәселе – көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы. Бұл жөнінде Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Бекзат Шакирбаев ақпарат берді. Сонымен қатар, «Қауіпсіз орта» мәселесі аясында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бекзат Сланов ақпарат берді.

 

– Әрбір тапсырма уақытылы әрі сапалы орындалуы қажет. Сонымен қатар, халық арасында түсіндіру және насихаттау жұмыстарын күшейтіп, ауылдық округ әкімдіктерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуді тапсырамын, – деп Арман Абдуллаев қаралған мәселелердің маңыздылығына ерекше тоқталып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Мәжіліс қорытындысы бойынша берілген барлық тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, олардың белгіленген мерзімде орындалуы міндеттелді. Аудан әкімі тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауына алатынын атап өтті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1202624?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді