Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Жастар ресурстық орталығының ғимаратында Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне орай «Strings of Love: Қозы-Баян кеші» атты акустикалық кеш өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Жастар ресурстық орталығының ғимаратында Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне орай «Strings of Love: Қозы-Баян кеші» атты акустикалық кеш өткізілді.
Аталған кештің негізгі мақсаты – жастар арасында махаббат, адалдық және сезім тазалығы сынды адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ олардың өнерге, әсіресе акустикалық жанрдағы музыкаға деген қызығушылығын арттыру болды. Іс-шара барысында орындалған тірі дауыстағы әндер мен музыкалық композициялар көрермен қауымға ерекше әсер сыйлап, махаббаттың шынайы мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді.
Кеш бағдарламасы аясында жас өнерпаздар гитара сүйемелдеуімен ән орындап, өздерінің орындаушылық шеберліктерін паш етті. Сонымен қатар, кештің атмосферасын ерекше әсерлі ету мақсатында ашық форматта ұйымдастырылған демалыс бөлігінде алау жағылып, отқа картоп пісіріліп, қатысушыларға арналған шағын фуршет ұсынылды.
Мұндай мазмұндағы іс-шаралар жастардың рухани дамуына оң ықпал етіп, олардың бір-біріне деген сыйластық, махаббат және ізгілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1202634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді