
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 177, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлығына сәйкес 2026 жылы республикада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы «Парыз» байқауы өтеді.
Байқауға лайықты еңбек жағдайын жасаған, экологиялық мәселелерді шешуде біршама жетістіктерге жеткен, еңбекақы төлеудің жаңа қағидаттарын енгізген, өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысқан жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Жарғылық капиталындағы акциялары, мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Лауреаттардың атақтары келесі номинациялар бойынша беріледі:
1) шағын және орта бизнес;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
Байқау жыл сайын республикалық және облыстық деңгейде келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз жеке персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағыда басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады; - «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады; - «Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады; - «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинация қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларды іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. - “Жылдың үздік әлеуметтік жобасы” Осы арнайы сыйлықта жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қаралады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/1202646?lang=kk

Жауап қалдыру