НӘТИЖЕЛІ ТОҚСАН – НАҚТЫ ҚАДАМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 сәуірде «Нәтижелі тоқсан – нақты қадам» атты қала және аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен кездесу өтті.

Жиынға жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев қатысып, алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстарды саралау, алдағы бағыттарды нақтылау және өңірдегі жастар саясатының жүзеге асу барысын талқылаудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде ол қатысушыларды ашық пікір алмасуға шақырып, тәжірибе бөлісіп, өзекті сұрақтарды ортаға салуға үндеді.

KPI көрсеткіштері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Кездесу барысында алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша кеңейтілген талдау жасалып, бірқатар маңызды бағыттар нақтыланды. Атап айтқанда, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XXII маусымының ашылуы, облыстық волонтерлар фронт-офисінің жұмысы және әскери-патриоттық бағыттағы әлеуметтік тапсырыстар аясында өтетін іс-шаралар пысықталды.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленіп, жұмысты жүйелі әрі нәтижелі жүргізу бағытында ортақ келісімге келінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1202785?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді