
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1,3 МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР ӨНДІРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың І тоқсанында өңірде 24 кедендік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 250 миллион теңге қосымша төлемдер есептелген. Оның 135 миллион теңгесі бюджетке өндірілген. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айдос Қадірбердиев баяндады.
“Кедендік бақылау жұмыстары қазіргі таңда автоматтандырылған форматта жүзеге асырылуда. Бұл тәсіл тексерулердің ашықтығын арттырып, адам факторын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 1,3 млрд теңге көлемінде қосымша кедендік төлемдерді өндіру жоспары белгіленген. Кедендік заңнаманы бұзудың негізгі түрлері ретінде тауардың кедендік құнын дұрыс анықтамау, декларацияларды толтырмау, СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) кодтарын қате белгілеу және тарифтік талаптарды сақтамау жағдайлары жиі тіркелген. Валюталық бақылау бағытында 2024 жылдан бері 980 банктік бақылау картасы тіркелген. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 30,5 млрд теңгеден астам айыппұл салынып, мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға жолданған. Әкімшілік тәжірибе аясында валюталық заңнаманы бұзу жағдайлары бойынша 169 іс сотқа жолданып, 62 іс сотта қаралған. Мамандардың айтуынша, негізгі мәселелердің қатарында валюталық түсімді уақытылы қайтармау және құжаттарды кешіктіріп ұсыну жағдайлары бар. Осыған байланысты түсіндіру және алдын алу шаралары күшейтіліп, бақылау тетіктері жетілдірілуде”-деді басқарма басшысы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ЭТОМ ГОДУ ПЛАНИРУЕТСЯ ПРОИЗВЕСТИ ТАМОЖЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОБЪЕМЕ 1,3 МЛРД ТЕНГЕ
Департаментом государственных доходов по Туркестанской области за I квартал 2026 года в регионе проведено 24 таможенных проверки, по результатам которых начислено доплат на сумму 250 миллионов тенге. Из них 135 миллионов тенге произведено в бюджет. Об этом в ходе пресс-конференции сообщил руководитель управления Департамента государственных доходов по Туркестанской области Айдос Кадирбердиев.
“Таможенный контроль в настоящее время осуществляется в автоматизированном формате. Такой подход позволит повысить прозрачность проверок и снизить человеческий фактор. Кроме того, до конца года намечен план по производству дополнительных таможенных платежей в размере 1,3 млрд тенге. В качестве основных видов нарушений таможенного законодательства часто фиксируются случаи неправильного определения таможенной стоимости товара, не заполнения деклараций, неправильного установления кодов ТН ВЭД (товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности) и несоблюдения тарифных требований. В направлении валютного контроля с 2024 года зарегистрировано 980 банковских контрольных карт. В результате принятых мер наложено штрафов на общую сумму более 30,5 млрд тенге и направлено судебным исполнителям для принудительного взыскания. В рамках административной практики по случаям нарушения валютного законодательства направлено в суд 169 дел, рассмотрено в суде 62 дела. По словам специалистов, среди основных вопросов – случаи несвоевременного возврата валютной выручки и несвоевременного представления документов. В этой связи усиливаются разъяснительные и профилактические меры, совершенствуются механизмы контроля”, – сказал руководитель управления.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1202783?lang=kk

Жауап қалдыру